Спорт • 05 Сәуір, 2019

Үстел теннисінен Азия кубогі: Герасименко топтық кезеңде әлем чемпионына қарсы ойнайды

664 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Жапонияның Йокогама қаласында үстел теннисінен 32-ші Азия кубогі додасы басталады. Құрлықтық сынға ерлер мен әйелдер арасындағы үздік 16 спортшы жолдама алған деп хабарлайды Olympic.kz.

Үстел теннисінен Азия кубогі: Герасименко топтық кезеңде әлем чемпионына қарсы ойнайды

Кубоктік доданың жеребесі тартылып, қазақстандық Кирилл Герасименконың қарсыластары анықталды. Ол А тобында әлемнің төрт дүркін чемпионы әрі бірінші ракетасы саналатын қытайлық Фан Жендонг, командалық есептегі әлем чемпионатының қола жүлдегері Янг Вуджин (Корея) және аралас разрядтағы әлемнің екі дүркін қола жүлдегері Вон Чун Тинге (Гонконг) қарсы ойнайды. 

«Кирилл қытайлық Фан Жендонгқа қарсы жақсы ойын көрсетіп жүр. Алайда, ол 7 сетке созылатын турнирлер. Азия кубогінде бар болғаны 5 сет, сондықтан, мейілінше жинақы ойнауы тиіс. Басқа теннисшілермен бұрын-соңды кездескен емеспіз. Үш кездесу де бір күнде өтеді. Әзірге уақыт айырмашылығына бейімделуге тырысып жатырмыз. Кирилл матч басталғанша бабына келеді деп ойлаймын», - дейді ұлттық құраманың кеңесші бапкері Дмитрий Левенко.