Аймақтар • 05 Сәуір, 2019

Жауын-шашынға байланысты дауылды ескерту жарияланды

788 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Жауын-шашынға байланысты дауылды ескерту жарияланды

6-8 сәуірде жауын-шашын әсері кей жерлерде қатты жаңбыр түрінде, ШҚО-да қардың қарқынды еруіне, еріген қар ағындысының қалыптасуына, мұз құбылыстарының әлсіреуіне, өзендер суы деңгейінің көтерілуі және жайылма учаскелеріне шығуына, су басу қаупіне алып келеді.

6-9 сәуірде күндізгі ауа температурасының жоғары болжамына байланысты, Павлодар облысының шегіндегі Ертіс өзенінде мұздың әлсіреуі, мұз кептеліс құбылыстарының пайда болуы, өзендер суы деңгейінің көтерілуі және жайылма учаскелеріне шығуы күтіледі.

Жаңбыр түсуі болжамына байланысты, кей жерлерде қатты, 6-7 сәуірде Жамбыл, Алматы облыстарында және Алматы қаласының іргелес аумақтарында буйірлі ағынның қалыптасуы және өзендегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Қар жамылғысының тұрақсыз болуына және жылымықтың аясында жауын-шашынның түсуіне байланысты Кіші Алматы су алабында 5–8 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады.

Қар көшкіні жүруіне байланысты тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады.