Халықпен кері байланысты орнату бойынша полиция бөліністері басшыларының тұрғындармен жеке кездесуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан акция облыстың барлық аудандарында және облыс орталығында өткізілуде.
Облыс орталығында департамент бастығы Мұхитов Қайрат Болатұлы бастаған қызметкерлер тобы азаматтарды мобильдік қабылдау жүргізіп жатыр. Азаматтардың көп жиналатын орындарына арнайы «Жолда қабылдау» деп жазылған ақпараттық плакатпен рәсімделген автобустар барды. Осы мобильдік қабылдау кезінде тұрғындарға электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтердің қолжетімдігі, онлайн режимде айыппұлды төлеу, тәртіп сақшыларының заңсыз әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы құқықтық кеңестер беріліп жатыр.
Сонымен қатар, екі күн бойы Халыққа қызмет көрсету орталығы, тіркеу-емтихан бөліністері, жол-техникалық бақылау және әкімшілік практика мамандары да жұмыс істеуде. Олардың барлығы өз салалары бойынша қандай да бір мәселемен келген азаматтардың сұрақтарына жан-жақты жауап беруде.
Акция барысында осы уақытқа дейін 400-ге жуық тұрғын түрлі мәселелер бойынша мамандардан кеңес алды.
Сонымен қатар, облыс және қала тұрғындары департаменттің әлеуметтік парақшалары және де «жедел желі» арқылы толғандырған сауалдарын жолдай алады.