Сапардың алғашқы күні қазақстандық СІМ басшысының орынбасары облыстық Инвесторларға қызмет көрсету орталығына барды, сондай-ақ "Ақтөбе" индустриалық аймақтың аумағында орналасқан жобаларымен танысты.
Жұмыс сапары барысында Е. Көшербаев Ақтөбе облысының Инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалын жақсарту жөніндегі өңірлік кеңестің отырысына қатысты, оның қорытындысы бойынша өңірлік инвесторлардың сұрақтарына жауап берді.
Сыртқы саяси ведомства басшысының орынбасары сапарының негізгі іс-шарасы болып, облыс әкімі Оразалин Ондасын, Нидерланды Корольдігінің ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дирк Ян Корп және ҚР-дағы Мажарстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Андраш Барани қатысуларымен өткен голландиялық «Food Ventures» ТОО «Green Capital Kazakhstan» компаниясының жылыжай кешенінің ресми түрде іске қосылуы болып табылды,
Жоба "ҚазАгро" корпорациясы және Венгерлік "Эксимбанк" қаржыландырды. Сондай-ақ, "Green Capital Kazakhstan" құрылысына "Food Ventures"инвестиция салды. 2019 жылы жобаны іске асыруға 3,5 млрд.теңге бөлінді, 60 жұмыс орны ашылды. Ауданы 5 гектар жылыжай секциясы салынды.
Келесі кезеңді іске асыру кезінде 2020-2020 жылдары тағы екі секция ашылады, оған инвесторлар 8,6 млрд.теңге жұмсауды жоспарлап отыр.
Айта кету керек, Қазақстанға тек ақша қаражаты ғана емес, технологиялар трансферті де инвестицияланды: аталған жылыжайда бесінші ұрпақтың ең жаңа технологиясы, Голландияның өзінде бірнеше шаруашылықтарда ғана енгізілген ультра климаттық жүйе қолданылған. Бұл жоғары технологиялық процесс биологиялық қорғау мен рециркуляцияның ультра заманауи принциптерімен үйлесе отырып барынша өнім алуға мүмкіндік береді.
Жылыжай кешенінде қызанақтан басқа болашақта баклажандар да отырғызылмақ, өнімді өткізу нарығы: бұл Ақтөбе облысы, Нұрсұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Қазақстанның басқа да өңірлері, сондай-ақ Ресей, экспорт үлесін 80% - ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Кәсіпорын толық қуатқа шыққан кезде жылыжайда 12-15 мың тонна көкөніс жинайтын болады.
"Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы инвестиция тарту мәселесіне ерекше көңіл бөледі, бүгінде Қазақстанда инвесторлар үшін барлық жағдай жасалған, республиканың инвестициялық ахуалын жетілдіру бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. 2018 жылғы желтоқсанда ҚР Сыртқы істер министрлігіне инвестицияларды тарту және экспортты үйлестіруді кеңейту жөніндегі функциялар берілді. Қазіргі уақытта біз "Шет елдердегі мекемелер – Орталық – Өңір" форматында кешенді экожүйені құрудамыз.
Е. Көшербаев "Бүгін біз голландиялық "Food Ventures" жылыжай кешенінің екінші кезеңінің іске қосылғанына куә болдық, Қазақстанда осы саладағы ірі кәсіпорындардың бірі салынды -қазақстан-венгрия қорын қаржыландыру аясында голландтық технология бойынша жылыжай. Бұл жоба Қазақстан Республикасы мен Нидерланд Корольдігі арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал ететін болады деп сенемін" - деп атап өтті.
ҚР СІМ-нің инвестицияларды тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргізуде негізгі бағыттарының бірі, бюрократия мен әуре-сарсаңға салушылыққа жол бермейтін әлеуетті инвесторлар үшін бірегей жағдайлар жасау болып табылады, дәл осындай құрал инвесторларға қызмет көрсетудің өңірлік фронт-офистері болуға тиіс.
Ақтөбе облысының бұл мәселеде мақтана алады,мұнда бір жерде "бір терезе" қағидаты бойынша инвесторлар үшін барлық қызметтер көрсетіледі. Облыстың тағы бір "ноу-хау" - Ақтөбе өңірінің өнімдерін Аспан асты нарықтарына жылжыту және инвестиция тарту үшін Қытайда өңірдің өкілдігін ашу.
Нидерланды Қазақстандағы ірі инвесторлардың бірі болып табылады, жалпы республикада голланд капиталының қатысуымен мыңнан астам компания жұмыс істейді, ал 2005–2018 жылдары елімізге Нидерландыдан 82,8 млрд. АҚШ доллары тартылды, бұл біздің елімізге тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағынының үштен бірін құрайды.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 6,5 млрд. АҚШ долларын құрады, экспорт - 6,2 млрд. АҚШ долларына жетті, ал импорттың сомасы 0,3 млрд. АҚШ долларына жетті.