«IJF Academy Level 1» курсының теориялық бөлімі екі ай бойы онлайн түрде өткен болатын. Оған Қазақстаннан жалпы есебі жүзге жуық жаттықтырушылар қатысты. Екі ай ішінде 14 пән бойынша білім алған қатысушылар курстың бірінші сессиясы аяқталғаннан кейін емтихан тапсырып, нәтижесінде практикалық бөлімге 64 адам сүрінбей өтті.
«Алматыдағы дзюдо академиясында өтіп жатқан курстың маңыздылығы біздің жаттықтырушылар үшін өте жоғары. Бапкерлерөз біліктілігін арттырып қана қоймай, білім деңгейінің жоғары екенін растайтын сертификаттарға ие болады.
Жалпы, Халықаралық дзюдо федерациясы дзюдо академиясының жааттықтырушыларға арналған курсында 3 деңгей бар. Олар: Instructor, Сoash, Сertified judo manager. Біз қазір бірінші деңгейінен өтіп жатырмыз. Әрі қарай екінші, үшінші деңгейлерге тек осы курста емтиханнан өткен жаттықтырушылар ғана қатыса алады.
«13 сәуірге дейін курстың практикалық бөлімі өтіп, сол күні қаатысушылар емтихан тапсырады», - дейді Қазақстан дзюдо федерациясының Бас хатшысы Асхат Житкеев.