Спорт • 09 Сәуір, 2019

Су добынан Қазақстан командасының әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

865 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су добынан Қазақстан әйелдер командасының әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды деп хабарлайды Olympic.kz.

Су добынан Қазақстан командасының әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

12-28 шілде аралығында Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтетін су спорты түрлерінен әлем чемпионатында біздің команда да бақ сынайды. 

Қазақстан С тобында, Куба, Грекия және Испанияға қарсы ойнамақшы. 

А тобына Оңтүстік Африка, Нидерланд, АҚШ, Жаңа Зеландия; В тобына Ресей, Канада, Венгрия мен Оңтүстік Корея, D тобына Италия, Жапония, Қытай мен Австралия енген.