«Әкімдіктер«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының дамуына серпін беру үшін шағын және орта бизнес жобаларына субсидия мен кепілдік беру, қосымша қаражат бөлу мәселесін қарастыру керек», - деді Премьер-Министр.
Асқар Мамин сөз барысында осы кезге дейін істелген шаралардан мысал келтірді.
«Шымкент қаласының әкімдігі субсидиялауға 600 млн теңге, ал жобаларға кепілдік беруге 250 млн теңге, Атырау облысының әкімдігі 600 млн теңге бөлді», - деді Үкімет басшысы.
Сонымен қатар өз бизнесін ашқан адамдар санын көбейту қажеттігін баса айтты.
«Елбасы өз Жолдауында Үкіметке қысқа мерзімде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының 2020-2025 жылға дейінгі келесі кезеңін әзірлеп, бекітуді тапсырды», - деді Премьер-Министр.