Бүгіннен бастап қала көшелерін тазалауда жаңа әдіс пайдалануда. Ол туралы қала әкімі Бақыт Сұлтанов өзінің Facebook парақшасында жазды.
«Бүгін Елорданың жол тазалау қызметінде жаңа әдісті қолдануды бастадық. Коммуналдық қызметтер алғаш рет қала жолдарын арнайы жуғыш құрал –сусабынмен жуа бастады. Оны қолдану асфальтты тайғаққа қарсы материалдардың қалдықтарынан, ескірген жапқыштардан, мұнай қалдықтарынан және қысқы маусымда пайда болған май дақтарынан тазартуға ықпал етеді. Қарапайым сумен мұны тазалау мүмкін емес. Ал бізге жол белгілерін салу алдында көшелерді мұқият жуу өте маңызды», деп жазды Бақыт Сұлтанов Facebook парақшасында.
Коммуналдық қызметтердің шампуньді пайдалануы жол сапасын және жүргізушілердің қауіпсіздігін жақсартуға септігін тигізеді. Жуғыш зат ешқандай зиянды заттарды бөлмейді, өйткені шампунь қоршаған ортаға зиянсыз. Алдағы уақытта коммуналдық қызметтердің алдында көптеген жұмыстар бар, көшелер қажет болса күн сайын тазартылатын болады, деп жазды әкім.