«Қаланың еңбек ұжымдарын біріктіретін кәсіподақтар кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы бастаманы қолдайды. Бұл – Мемлекет басшысының конституциялық өкілеттіктері шеңберінде жүзеге асырылып жатқан қоғамның үмітіне негізделген логикалық қадам.
Сайлау ішкі саяси тұрақтылықты нығайтады. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан үлкен әлеуметтік-экономикалық әлеует, адами капиталы мен ғылыми жаңалықтар жинап, болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік беретін дамудың жоғары қарқынын көрсетті. Дегенмен, әлемдегі дағдарыстың өсіп келе жатқандығында Қазақстан бірқатар сыртқы қатерлерге тап болуда.
Сайлау ішкі саяси тұрақтылықты нығайтады. Осыған байланысты біз алдағы бес жылда елдің дамуындағы айқын бағдарларды айқындаймыз.
2019 жылы өтетін президенттік сайлау Қазақстан үшін өркендеуді қамтамасыз ететініне және әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енудегі табысты фактор болатынына сенімдіміз.
Сондықтан біз барлық қазақстандықтарды Тұңғыш Президент – Елбасы идеяларына топтасып, таңдаған бағыттың сабақтастығы мен тұрақтылығын қолдауға шақырамыз», – деді ол.