«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуін тыңдап, оны театр ұжымында талқылауға кірістік. Әрине, мен сайлауды қолдаймын. Біздің тарихымыздың маңызды сәтінде бүкіл әлем Қазақстанда саяси өзгерістерді байқап отыр. Оларды өзгерістердің өркениетті және демократиялық жолмен жүріп жатқаны қуантады. Кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешім дұрыс қабылданды, саяси партиялармен, қоғамдық ұйымдармен, мемлекеттік және қоғам қайраткерлерімен талқыланды.
Енді, 9 маусымда, халық өз таңдауын жасайды деген ойдамын. Менің ойымша, біздің еліміздің халқы бұған дайын. Жеке өзім сайлауға қуана барамын, ал біздің театр ұжымы мені қолдайды деген ойдамын».