Елордада Кәсіподақтар федерациясы атқару комитетінің кезектен тыс кеңейтілген мәжілісі өтті. Онда Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы мәселе талқыланды. Мәжілістің отырысына Кәсіподақтар федерациясының, салалық кәсіподақ бірлестіктерінің және ірі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері қатысты. Қатысушылар Мемлекет басшысының еліміздегі барлық әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, жасампаз күштерді Қазақстан Республикасында халықаралық нормалар мен стандарттарға сай әділ де ашық сайлау өткізуге қолдау көрсету туралы мәлімдемесіне бірауыздан қолдау көрсетті.
Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы бастамасын қолдайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздегі саяси үрдістің тиімді құралы ретінде мемлекеттік билік тармақтарының бірлігі мен өзара үйлесімді байланысын, конституциялық заңдылықтың нығаюын, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін тетік.
Біз Қазақстанның азаматтар мен қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік дамуын және үйлесімді қоғамдық-саяси бағдарын жалғастыра беретіндігіне сенімдіміз.
Сонымен қатар еңбеккерлердің құқығын қорғау, лайықты еңбек үшін тиімді шарттар қалыптастыру, сондай-ақ әлеуметтік әріптестіктің тиімді ынтымақтастығы саласына қатысты көптеген көкейкесті мәселелерді шешудің маңызы зор екенін түсінеміз.