Спорт • 11 Сәуір, 2019

Астанада қайырымдылық BI Marathon өтеді

808 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жарысқа 10 мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Астанада қайырымдылық BI Marathon өтеді

Спорттық іс-шараның негізгі демеушісі - BI Group құрылыс холдингі. Қатысу үшін тіркеуден жиналған барлық қаражат «BI Жұлдызай» қайырымдылық қорына БЦП диагнозы бар балаларды емдеу және оңалтуға жұмсалатын болады. 

BI Marathon өткізудің дәстүрлі уақыты кездейсоқ таңдалған жоқ. Мамыр айының соңына қарай жүгірушілерде қажетті шақырымды бағындыруға және мұқият дайындалуға уақыт жеткілікті. 

Осы жылы жүгіруге тіркелу 16 желтоқсанда басталған болатын. Қазіргі таңда Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев марафонға қатысатынын растады. Сондай-ақ, жеңіл атлетика федерациясының өкілдерімен келіссөздер жүргізілуде. Сонымен қатар, олардың арасында әлем чемпионатына қатысушылар, әртістер мен әншілер бар. 

«Тіркеу толық жүріп жатыр. Бүгін 4 мыңға жуық адам тіркелген. Желаяқтардың қайдан келетінін болжау қиын, себебі тіркелу онлайн режимінде жүруде. Бірақ өткен жылдардың тәжірибесіне сүйене отырып, спортшылар әлемнің 22-ден астам елінен, соның ішінде көрші Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, сондай-ақ Германия, Австрия, Бельгия, АҚШ, Дания және Индонезия елдерінен келген болатын», - деді марафонның спорт директоры Алексей Сидоренко. 

Алайда биыл ұйымдастырушылар жүгіріс бағытын өзгертті. Егер алғашқы үш жылда қатысушылар саябақ пен Есіл өзенінің жағалауынан жүгіріп өтсе, онда қазіргі таңда саябақтан шығу, қаланың 4 көшесі және Есіл жағалауымен жүгіру бағыты бекетте тұр. Мәре - саябақтың Триатлон орталығы.