Президент • 11 Сәуір, 2019

Елордалық Қоғамдық кеңес кезектен тыс сайлау өткізу бастамасын қолдайды

1008 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық кеңесі 2019 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы бастаманы қолдайды. Бұл туралы 2019 жылдың 10 сәуіріндегі Қоғамдық кеңес отырысында айтылды.

Елордалық Қоғамдық кеңес кезектен тыс сайлау өткізу бастамасын қолдайды

2016 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда барлық деңгейде қоғамдық кеңестер құрылды, қазіргі уақытта жұмыс пен дамытудың белгілі бір тәжірибесі бар. 

Қоғамдық кеңестер консультативтік-кеңесші органдар ретінде азаматтық қоғамның сындарлы және тиімді жұмысының үлгісі болды. 

Президент Қ.Тоқаевтың өкілеттігін жүктеу Елбасының бағыт сабақтастығы мен ішкі саяси тұрақтылықты сақтауға бағытталған дана шешімі болды. 

Осыған байланысты мерзімінен бұрын сайлау өткізу – Президенттің уақытша мәртебесінің екіұштылығын жоюға және мемлекеттің болашақ Президентінің заңдылығын қамтамасыз етуге деген мүмкіндік. Бұл қоғамдық тұрақтылықты, елдегі ұлтаралық келісімді сақтап, алдағы бес жылға ел дамуының нақты бағдарын айқындайды. 

Президент сайлауын өткізу халыққа және атқарушы өкілді биліктің барлық органдарына белгіленген міндеттерді іске асыруға мүмкіндік береді. 

Біз кезектен тыс президенттік сайлау ел мен халықтың мүдделеріне сай келетін ең дұрыс шешім екеніне сенімдіміз. 

Сондықтан да біз, Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшелері барлық қазақстандықтарды, азаматтық қоғам өкілдерін Тұңғыш Президент – Елбасы идеяларының төңірегінде топтасуға және таңдалған бағыттың сабақтастығы мен тұрақтылығын қолдауға шақырамыз.