Саясат • 11 Сәуір, 2019

Ата-аналар мобильді қосымша арқылы мектеп асханасында тамақтың әзірленуін бақылай алады

854 реткөрсетілді

Дұрыс тамақтану мен спортпен шұғылдану — балалардың бойында мектеп жасында тәрбиелеуге қажетті дағдылар. Бүгінде Қазақстан мектептері мен балабақшаларында сапалы тамақтануды ұйымдастыру мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың ерекше назары аударылған басым бағыттардың бірі.

Мектеп пен балабақшалардағы тамақтың сапасын бақылауды ұйымдастыру туралы Primeminister.kz-ке берген эксклюзивті сұхбатында Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы басшысының орынбасары Дулат Жекебаев айтып береді.

— Дулат Шайкенұлы, осы жылы мектепке дейінгі және мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыруда қандай өзгерістер болды?  Сол туралы айтып берсеңіз.

— Жалпы мектептерде тамақтану осыған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің №717 бұйрығымен іске асырылып келді. 2019 жылдан бастап аталмыш бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты жаңадан №598 бұйрық шықты және соған сәйкес жұмыстар жасала бастады. Бұл бұйрықтағы негізгі өзгерістердің ішінде бір атап өтерлігі — мектептердегі конкурстық сатып алу, бұны   орталықтандырылған жергілікті атқарушы органның шешімімен басқа орган — Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы жүргізді, бүгінде ол елорда мектептерінде іске асқан. Бұған дейін аталған жұмыс тек мектептерде өтетін болса, мектеп басшысы өзі комиссияның төрағасы болса, бұл жолы комиссияларда бір лоттарда мектеп директорлары болса, кейбір лоттарда ата-аналар, кейбір лоттарда басқа да кісілер комиссия төрағалары болды. Сонымен қатар, комиссия мүшелерін биыл біз күшейтіп, оған көбіне ата-аналарды жұмылдырдық, сондай-ақ, қаладағы төрт аудандағы Nur Otan партиясының бөлімшелерінің қызметкерлері көп қатысты. Яғни, бұл кісілер бірінші күннен — құжаттардың ашылуынан бастап ең соңғы шешім қабылданғанша қатысты. Жалпы, біздің әкімшілік пен Nur Otan партиясының арасында Мектептегі тамақтану деген жоба бар. Сол жоба аясында бірлескен жұмыстар жүргізілді. Бұл Активтер мен мемлекеттік сатып алу басқармасының өткізуінде сапаға жақсы әсер етті деп ойлаймын, себебі жұмыстарды сатып алу ісімен айналысатын өз ісінің шеберлері атқарды. Осының барлығы 2019 жылғы заңға өзгерістердің енгізілуіне байланысты.

— Өткен жылы мектеп асханаларындағы ас мәзірін қайта қарап, тұтынуға тыйым салынған өнімдер тізімін жаңарту жоспарланған еді. Бұл мәселе шешілді ме? Қазір балабақшалар мен мектептерде қандай өнімдерге тыйым салынған?

— 2018 жылғы желтоқсан айында Қоғамдық денсаулық сақтау департаменттері өздерінің сайттарында мектептердің, балабақшалардың асханаларында сатуға және пайдалануға болмайтын негізгі деген бірнеше тағамның тізімін шығарды. Сол пайдалануға болмайтын тізімге сәйкес, 2019 жылдан бастап мектептегі тағамның жаңа ас мәзірін жасадық. Осыған дейін біз ата-аналармен бірігіп, мектептерде балалардың тамақтануының жай-күйін қарастырған кезде балалардың тарапынан, ата-аналардың тарапынан ас мәзірі жөнінде біраз ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, қаламыздағы Тағамтану институтымен бірігіп жаңадан ас мәзірін құрастырдық. Бұл жерде бір айта кететін жайт, мектептердегі тамақтандыру мен балабақшаларда кішкене өзгеріс бар. Мектептерде конкурс өткеннен кейін, оған жеке кәсіпкер келіп жұмыс істейді, ал балабақшада конкурс арқылы тек қана керек тағамдар сатып алынады да, тамақты дайындайтын балабақшаның өзінің штаттағы аспаздары.  

— Дулат Шайкенұлы, өткен жылы мектеп асханалары үшін азық-түлікті орталықтандырылған сатып алу жүйесін жетілдіру мәселесі көтерілді. Соның нәтижесінде қандай шешім қабылданды?

— Қала әкімдігінің шешімімен биыл конкурстық жұмыстардың барлығын мектеп те емес, Білім басқармасы да емес, бұған қатысы жоқ Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы жүргізді. №598 бұйрықтағы өзгерістердің арқасында осылай өзгерді.

— Сіздің ведомство мектеп асханаларындағы азық-түлік сапасын қалай тексереді?

—  №598 бұйрық және оның алдындағы №717 бұйрықта да айтылған, мектепте бракераждық комиссия құрылады, ол комиссияның құрамына мектеп директоры, мектептегі медбике, әлеуметтік педагог, сонымен қатар басқа да ұстаздар, ең бастысы ата-аналар кіреді, олар мектептегі тамақтанудың дұрыс ұйымдастырылуын, ас мәзіріне сәйкес келуін бақылайды. Былтырлары біз аталған жұмысқа ата-аналарды көптеп тарту шараларын жүргіздік. Ата-аналармен бірігіп, мектептердегі, балабақшалардағы тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын тексеріп, бірге қарастырдық. Ата-аналар көбірек тартылса, сапаның жақсара түсетіні анық. Асханада тамақ дайындайтын орынға тек қолында санитарлық кітапшасы бар адам ғана кіре алады. Алдын ала сондай келісімге келдік. Бұл — мектептегі деңгей. Одан жоғары қалада ведомствоаралық сарапшылық топ құрылған, оған қалалық депутат өкілі, үкіметтік емес ұйымдардың, «Әділет» қоғамының өкілдері, ата-аналар кіреді. Қалалық ведомствоаралық сарапшылық топ мектептерге барып, бракераждық комиссияның жұмысын — жұмыс қалай жүргізіліп жатыр, өз деңгейінде ме, мектеп сайттары уақытында толықтырыла ма, ас мәзірлері дұрыс ілініп тұр ма, дайындаған тамақтар ас мәзіріне сәйкес келе ме және т.б. тексерді.

 

— Ата-аналар мектеп асханаларын барып көре ала ма? Кемшіліктер анықталған жағдайда олар қайда шағымдана алады?

— Иә, асханалардағы тамақтың дайындалу процесін ата-аналар көре алады, олар мектептегі бракераждық комиссиямен бірге кіріп, мектепте тамақтың қалай әзірленіп жатқанын бақылай алады. Мектептегі тамақ дайындайтын жерлерге бейнекамералар орнатылған. 2019 жылдан бастап 30 мектепке енгізілген, 1 қыркүйекке қарай барлық мектептерде енгізіп бітіреміз деген жоспар бар.  Кейбір мектептерде ата-аналар мобильді қосымшалар арқылы көре алады, барлық бейнежазбалар компьютерде сақталады. Ата-аналар өз еріктерімен кез келген уақытта сол жазылған таспаны көріп, асханалардағы санитарлық нормалардың сақталуын бағалай алады.

— Ыстық аспен Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық оқушылар қамтылған ба? Қаншасы қамтылған? Бұл көрсеткіш арттырыла ма?

— Елорда мектептерінде 1 – 4 сынып оқушыларының барлығы бюджет тарапынан ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, 5 – 11 сынып аралығындағы бірнеше категорияға жататын балалар ыстық тамақпен қамтамасыз етілген, осы жұмысты біз әрі қарай жалғастырып, қала әкімінің ұсынысы бойынша жаңа оқу жылынан бастап, яғни 1 қыркүйектен бастап, осы топқа көп балалы отбасылардан шыққан балаларды да қосуды көздеп отырмыз.

— Сұхбатыңызға рақмет!


Баннер
Соңғы жаңалықтар

Медицина цифрландыруды таңдайды

Қазақстан • Бүгін, 10:16

Ашықтықтың артықшылығы көп

Аймақтар • Бүгін, 09:49

Құттықтаулар легі жалғасуда

Қазақстан • Бүгін, 09:46

Әлкей Марғұлан мұралары

Қазақстан • Бүгін, 09:42

Түлен түрткен түс

Аймақтар • Бүгін, 09:37

Сабыр түбі – сары алтын

Қоғам • Бүгін, 09:21

Құлманбетовтің қызыл алмалары

Аймақтар • Бүгін, 09:18

Қолқаны қапқан иістен құтыла ма?

Аймақтар • Бүгін, 09:16

Сырттан қаржы тарту қарқыны үдеді

Қазақстан • Бүгін, 09:14

Ұлы дала кеңістігіндегі абыздық

Қазақстан • Бүгін, 09:05

Сыр тарихымен сырласады

Аймақтар • Бүгін, 08:56

Тұғыры биік Тарбағатай

Аймақтар • Бүгін, 08:52

Арыстағы апат

Аймақтар • Бүгін, 08:39

Жан дүниемізді кірлетпейік

Қоғам • Бүгін, 08:38

Ұқсас жаңалықтар