Қоғам • 11 Сәуір, 2019

Қаладағы медициналық ұйымдар бас дәрігерлерінің бірыңғай қабылдау күні пайда болды

1135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Медициналық ұйымдардың басшылары азаматтарды апта сайын сейсенбі күні жеке қабылдайды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Қаладағы медициналық ұйымдар бас дәрігерлерінің бірыңғай қабылдау күні пайда болды

«Медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту, пациенттермен кері байланыс орнату мақсатында, денсаулық сақтауға қатысты туындаған мәселелерді шешу үшін апта сайын сейсенбі күні сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін медициналық ұйымдар бас дәрігерлерінің азаматтарды бірыңғай қабылдауы ұйымдастырылды», – деп мәлімдеді елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында. 

Азаматтарды толық қабылдау кестесі әкімдіктің сайтында жарияланған.  

Тізімде қалалық ауруханалар, емханалар, перинаталдық орталықтар, диспансерлер, медициналық орталықтар және т.б бар. 

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы да тұрғындарды апта сайын сәрсенбі күні сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін қабылдайды. 55-69-85 нөмірі бойынша алдын ала жазылуға болады.