Спорт • 11 Сәуір, 2019

Бокстан Қазақстан командасы допингке қарсы семинарға қатысты

845 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында бокстан Азия чемпионатына дайындалып жатқан Қазақстан командасының спортшылары допингпен күрес жөніндегі кезекті семинарға қатысты. Жиынды ҚР ҰОК спорттық медицина және антидопинг жөніндегі департаментінің үйлестірушісі Ғалия Біләлова өткізді деп хабарлайды Olympic.kz.

Бокстан Қазақстан командасы допингке қарсы семинарға қатысты

Семинардың басты тақырыбы – тыйым салынған субстанциялар, дәрі-дәрмекті тексеру тәсілдері және сынама алу ережелері. 

«Аталған семинар аясында 2019 жылы енгізілген допингке қарсы ережелер мен өзгерістер туралы айттым. Спортшылар мен бапкерлер допинг қабылдағандарды жауапкершілікке тартатын ҚР заң жобасының қаралып жатқанынан хабардар болды. Бүкіләлемдік допингке қарсы ұйымның назарындағы боксшылармен АДАМС онлайн-жүйесіндегі жұмыстың ерекшелігі туралы сөйлестік. Бұл жолы барлық бапкерлер қосыны мен 43 спортшы дәріс тыңдады. Мұндай семинарлар жиі өткізіліп тұрады, өйткені, біз допингке деген нөлдік төзімділік бағытын ұстанамыз», - дейді Ғалия Біләлова.