Аймақтар • 11 Сәуір, 2019

Ганноверде Қазақстанның астанасын «Routes Silk Road 2019» ұйымдастырушысы ретінде таныстырды

857 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің ресми делегациясы Төменгі Саксонияның астанасындағы Еуропалық азаматтық авиация «Routes Europe» форумына қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ганноверде Қазақстанның астанасын «Routes Silk Road 2019» ұйымдастырушысы ретінде таныстырды

Форум аясында Нұр-Сұлтан делегациясы «Routes Silk Road 2019» ұйымдастырушысы ретінде Жібек жолы атты тұсаукесерін өткізді. «Жібек жолын» дамытуға арналған арнайы форум осы жылдың шілде айында «Routes» компаниясының қолдауымен өтеді.

Қазақстан осыған ұқсас іс-шараны өткізу құқығын алған Орталық Азиядағы алғашқы ел болды. Форумда Нұр-Сұлтанның инвестициялық, авиациялық және туристік әлеуеті таныстырылады. 

Ганновердегі «Routes Europe» қатысушылары назарына Қазақстан Үкіметінің елдегі туристік инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту, сондай-ақ визалық және көші-қонды бақылау, туризм саласын дамытуда атқарылып жатқан бірқатар шаралар жайлы айтылды. 

Таныстырылымды Нұр-Сұлтан әкімшілігінің қолдауымен «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС ұйымдастырған. Презентация ел астанасын заманауи, ыңғайлы және тартымды қала және туристік хаб ретінде танытып, еліміздің инновациялық дамуы мен өркендеуіне ықпал етеді. 

Статистикалық мәліметтерге сай 2018 жылы елімізге келген шетелдік туристердік саны 10% артқан. 

Биыл «Routes Europe» Еуразия құрлығының таныстырған жүзге жуық авиакомпания мен үш жүз әуежайдан 1,2 мыңнан астам делегация қатысты, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың өкілдері, жетекші халықаралық туроператорлар келді. 

«Routes Europe» - 1995 жылдан бері Ганноверде жыл сайын өткізілетін авиациялық маршруттарды дамыту бойынша еуропалық аймақтық форум.