Алматы қаласында Қытай – Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздар тасымалын ұйымдастыру жөніндегі төртінші бірлескен жұмыс тобының отырысы болып өтті. Шараға Қазақстан, Қытай, Беларусь, Германия, Моңғолия, Польша және Ресей теміржол әкімшіліктерінің өкілдері қатысты. Тараптар 2018 жылдағы Қытай-Еуропа бағдары бойынша тасымалды ұйымдастыру жөніндегі жұмыс қорытындысын шығарды және ағымдағы жылдағы контейнерлік тасымалды ұйымдастыру жөніндегі жұмыс жоспарын талқылады.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқар Төрағасының Бірінші орынбасары Қанат Алмағамбетов отырыс қатысушыларына Қытай-Еуропа-Қытай бағытындағы тасымал көлемін арттыру бойынша Компания қабылдап жатқан шаралар туралы ақпарат бере кетті.
«Контейнерлік жүкағынының артуы біздерді тасымалды ұйымдастыруда жаңа технологияларды іздеуге мәжбүрлеуде. Біз қазір оптималды құрастыру схемасын қолдана отырып контейнерлік пойыздарды біріктіру тәсілі бойынша жұмыс істеудеміз», деді Қ. Әлмағамбетов.
Шартты ұзындығы 80 жететін және одан да көп вагонды ұзын құрамды контенйерлік пойыздар жөнелту технологиясы енгізілді. Бұл учаскелердің өткізу қабілетін артырып, локомотив паркі, жылжымалы құрам, инфрақұрылым әлеуетін айтарлықтай тиімді пайдалануға мүмкіндік берді.
Контейнерлік ағынның негізгі бөлігі Қарталы-1 мемлекетаралық түйісу пункті арқылы баламалы бағдарларға қайта бағытталды, бұл контейнерлік сервис сапасына оң ықпал етті.
«Біздің өзаратиімді ыңтымақтастығымызды ары қарай дамыту үшін контейнерлік пойыздарды, соның ішінде жүкағынының артуы үшін ең бір оңтайлы жағдайлар жасалды», деп атап көрсетті Қытай темір жолдары бас директорының орынбасары Ли Вэнсинь.
Отырыс қорытындысы бойынша Қытай – Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздармен тасымалдау жөніндегі Бірлескен жұмыс тобының Рәсім ережелері бекітілді. Қатысушылар клиенттерге кешенді қызмет көрсету есебінен теміржол тасымалы тартымдылығын арттыру мақсатында өнімдер мен сандық сервистерді бірлесе құру жөніндегі жұмысты белсенділендіруге уағдаласты.
2019 жылдың ақпанында «Самұрық-Қазына» АҚ Қор және портфельдік компаниялар басшыларының қатысуымен трансформация бағдарламасын жүзеге асыру және оларды дамыту бойынша кеңес өткізілгендігін қаперге сала кетейік. Кеңесу барысында Қор Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов трансформация арқылы әрбір компанияның кірісін арттыратын жаңа қадамдарды әзірлеуді тапсырды.