Президент • 11 Сәуір, 2019

Президент мемлекеттік сапармен Өзбекстанға барады

1120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент мемлекеттік сапармен Өзбекстанға барады

Һ14-15 сәуір күндері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасына барады.

Келіссөздер барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен сауда-экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және көлік-транзиттік салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған екіжақты ықпалдастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі басты тақырыптарды талқылайды.

Бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Қ.Тоқаев пен Ш.Мирзиёев Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады.

Соңғы жаңалықтар

Семейде ерекше кешен ашылды

Аймақтар • Бүгін, 10:35