Сондай-ақ, аудандағы ауыл шаруашылығы саласындағы өнім көлемі өткен жылы 34,6 млрд. теңгені құраған болса, биыл 47,2 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.
«Биылғы жылы Келес ауданында егілетін егістік көлемі 22 520 гектарды құрайтын болады. Оның ішінде жылыжай шаруашылығын 12 гектарға арттырып, тамшылатып суару әдісін 287 гектар жерге енгізілетін болады. Жаңадан қарқынды жеміс бауын - 100 гектарға, жүзім бауын - 50 гектарға және 100 гектарға жаңғақ бауын отырғызу көзделуде», – деді аудан әкімі.
Мал шаруашылығы саласында «Алтын асық» бойынша – 1588 бас тұсақ мал басын, «Құлан» бағдарламасы аясында – 123 бие және «Сыбаға» бойынша 459 бас сиыр малдары сатып алынатын болады. Сонымен қатар, 62 шағын мал бордақылау алаңдарын құрылып, 46 дана ауыл шаруашылығы техникалары жаңартылатын болады.
«Индустриалды инновациялық даму» бағдарламасы шеңберінде 2018 жылы құны 250 млн. теңге болатын 1 жоба іске асырылып, 30 жұмыс орны ашылған болса, 2019 жылы құны 738,4 млн. теңге болатын 4 жоба іске асыру жоспарлануда. Жаңадан 135 жұмыс орны ашылатын болады.
«Ауданға өткен жылы барлығы 5 млрд. 646 млн. теңгенің инвестициясы тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемі индексі 112,9%-ға жетті. 2019 жылға ауданға 6 млрд. 200 млн. теңгенің инвестициясын тарту межеленуде», – деді Ақментай Есбаев.
Аудан бойынша 2018 жылы барлығы 4 млрд. 696,1 млн. теңгеге 23 нысанның құрылыстары жүргізілген.Оның ішінде 5 жаңа нысанның құрылысы пайдалануға берілді. 2019 жылы аудан бойынша барлығы 5 млрд. 594,6 млн. теңгеге 29 нысанға құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Халықтың инфрақұрылымдар қол жетімділігі елді мекендерге шаққанда табиғи газбен қамту үлесін 2019 жылы 65 %-ға жеткізу, ауыз сумен қамту бойынша 60,7 пайызға және сапалы электр қуатымен қамтуда 72,3 пайызға дейін жеткізу межеленуде.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша нақты 5247 азамат қамтылып, мүмкіндігі шектеулі азаматтардан 80 адам жұмысқа орналастырылды. Атаулы әлеуметік көмек жобасымен 3560 отбасы 946,8 млн. теңге әлеуметтік қолдау көрсетілген.