Аймақтар • 12 Сәуір, 2019

Мақтаралда «Түркістан – адалдық алаңы» аясында қоғамдық қабылдау өтті

874 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11 сәуір күні Мақтарал ауданының орталығы Мырзакент кентіндегі халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында қоғамдық қабылдау өтті деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мақтаралда «Түркістан – адалдық алаңы» аясында қоғамдық қабылдау өтті

Қоғамдық қабылдауға «Түркістан - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жауапты мамандары, халықты жұмыспен қамту орталығының, дәрігерлік сараптама және аурухана мамандары, салық органдарының, жергілікті ішкі істер бөлімі мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.


Шара барысында 150-ге жуық мақтааралдық тұрғындар өзекті мәселелері бойынша тиісті мамандардан жауаптар алды. Қоғамдық қабылдаудан соң жұмысшы топ мүшелері Мақтарал ауданы әкімінің аппаратында қорытынды жиналыс өткізіп, қоғамдық қабылдау барысында түскен ұсыныс-пікірлер бойынша жұмыс істеуді тиісті мекеме басшыларына тапсырды.

Айта кетейік, 2018 жылғы 5 қазандағы Тұңғыш Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы аясында, Түркістан облысында азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, тұрмыстық жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру бағыттарында «Түркістан - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылған болатын.


Жобалық кеңсенің мақсаты - жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындар арасындағы байланысты жандандыру, елді мекендердегі әр түрлі салалардағы түйткілді мәселелерді талқыға салу арқылы шешу және мемлекеттік мекемелердің ашықтығын қамтамасыз ету, қоғамның билік институттарына сенімін жоғарлату, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және алдын алуға бағытталған.