Қазақстан • 12 Сәуір, 2019

2019 жылдың бірінші тоқсанында «ҚТЖ» желісі бойынша транзиттік контейнерлік тасымал 54% артты

1012 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылдың бірінші тоқсанында транзиттік қатынаста контейнерлік тасымал 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54% өсті және 139,1 ЖФБ құрады. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

2019 жылдың бірінші тоқсанында «ҚТЖ» желісі бойынша транзиттік контейнерлік тасымал 54% артты

Контейнер ағынының айтарлықтай өсімі трансқұрлықтық транзиттік тасымал нарығындағы ұстанымды жеңіп алуға бағытталған, стратегияны дер кезінде таңдауға ықпал етті. 2019 жылдың басында және 2018 жылдың соңындағы «ҚТЖ» ҰК» АҚ мақсатты жүргізілген жұмыстар Қытай – Еуропа – Қытай, Қытай – Орталық Азия – Қытай, Қытай – Ресей Федерациясы – Қытай бағдарларына және өзге де бағыттарға контейнерлік тасымалды арттыру тенденциясын сақтауға мүмкіндік берді.

Транзиттік тасымалдың өсіміне негізгі көліктік дәліздердегі жылдамдық сервисі, бәсекеге қабілетті тарифтік жағдайлар жасау жөніндегі стратегиялық альянс шеңберінде теміржол әкімшіліктері мен  көліктік компанияларының белсенді жұмысы, клиентке мойынбұру және сапалы логистикалық сервис ықпал етті. 

Осылайша, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Халықаралық транскаспилік көліктік бағдар бойынша контейнерлік тасымал үш есеге артты. Өзбекстан темір жолдарымен үйлесімді жұмыстың арқасында Өзбекстан мен Ауғанстан бағытына транзиттік контейнерлік тасымал 57% өсті.   

Бұл ретте мақсатты параметрлері баламалы бағдарлардағы  жоғары бәсекелестік жағдайымен қамтамасыз етіледі. 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстанның темір жолдары бойынша транзиттік контейнерлік жүк ағынының артуының қарқының еселеу жөніндегі жұмыстар жалғасын табатын болады. Компания көліктік нарықтағы өзге де қатысушылармен өзара тиімді ынтымақтастық үшін ашық.