Аймақтар • 12 Сәуір, 2019

Ақтауда «Мұнайтелеком» бастауыш партия ұйымының отырысы өтті

1260 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Nur Otan» партиясының кезектен тыс XIX Съезі қарсаңында Ақтау қаласындағы «Мұнайтелеком» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Отырысты «Мұнайтелеком» бастауыш партия ұйымының төрағасы Қанат Артықбай ашты.

Ақтауда «Мұнайтелеком» бастауыш партия ұйымының отырысы өтті

Күн тәртібінде Партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың партияның кезекті XVIII Съезінде берген тапсырмаларын – «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл - ел бесігі», «Құтты мекен» ұлттық жобаларын іске асыру барысы және «Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық филиалының кезектен тыс XXХ конференциясына делегаттарды сайлау мәселелері қаралды.

Шараға «Мұнайтелеком» бастауыш партия ұйымының мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Басқосуда бастауыш партия ұйымдарының жұмысын одан әрі жандандыру, бес әлеуметтік бастаманың және жаңа партиялық жобалардың жүзеге асырылу барысы айтылды.

Сондай-ақ, отбасы құндылықтарын сақтау, сыбайлас жемқорлықты болдырмау, көмекке мұқтаж, әсіресе жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалғандарға, тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсету төңірегінде көтерілген мәселелер талқыланды.

- «Мұнайтелеком» бастауыш партия ұйымы «Бақытты отбасы» жобасы аясында бірқатар қайырымдылық шараларын өткізді. Көпбалалы ана Гүлбаршын Әділованың жанұясына қаржылай және балаларға қажетті заттармен көмек көрсетілді. Алдағы 1 маусым – балалар құқығын қорғау күніне орай, жаңа оқу жылы қарсаңында мұқтаж отбасыларға мектепке қажетті құрал - жабдықтарын алып беру жоспарда бар. Жаңа жылда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға сыйлық тарту етеміз. Мұнан бөлек халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен келген көпбалалы ана Ақмаржан Бисембаеваны 6 ай мерзімге жұмыспен қамтамасыз етіп отырмыз, деді Қанат Рахметұлы.

Жиналыста партия мүшелері ҚР Президентінің кезектен тыс сайлау өткізу жайлы шешімді қолдайтындарын жеткізді.

-2019 жылдың 9 маусымында ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын
өткізу дұрыс, әрі қажетті қадам деп ойлаймын. Сайлау әділ әрі ашық өтуі үшін баршамыз бір кісідей атсалысуымыз керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үндеуінде алдағы ҚР Президентін сайлау біздің сыртқы және ішкі саясатымыздың тұрақтылығын көрсетіп, еліміздің әрі қарай дамуына зор ықпалын тигізетінін атап өтті, деді «Мұнайтелеком» ЖШС бас директоры Ербол Мукашев.

Отырыстың екінші күн тәртібі бойынша, «Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық филиалының кезектен тыс XXХ конференциясына төрт делегат сайланды.

Айта кету керек, «Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық филиалында 44 бастауыш партия ұйымы бар.  Ал «Мұнайтелеком» бастауыш партия ұйымы 2002 жылдың 21 қарашасында құрылған. Бүгінде аталған бастауыш партия ұйымында 61 адам бар. Оның 43 ер азаматтар болса, қалған 18 әйелдер.

Маңғыстау облысы