Сыртқы саяси бағытында қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында Сыртқы істер министрлігі елдің мәдени мұрасын таныстыру, шет елдерде қазақ тілін дәріптеу, шетел журналистерінің баспасөз турларын және т. б. шараларды ұйымдастыру жөнінде жүйелі жұмыс жүргізуде. Осындай жобалардың бірі Kitap.kz онлайн-кітапханасында арнайы бөлім құрылып, онда кез келген уақытта әлемнің түрлі тілдеріне аударылған қазақ әдебиетінің цифрланған туындылары жарияланған. Қазіргі уақытта сайтта 18 шет тілінде 64 кітап орналастырылған. Онлайн-кітапхананың жұмыс істеуі қазақстандық мәдениетке деген қызығушылықты арттыру үшін жақсы демеу болды. Сайтты мазмұнды толтыру бойынша жұмыс жалғасуда.
Міндет тек бізде бар екенін көрсету ғана емес, сондай-ақ шетелдік жұртшылық еліміздің бай мәдениетіміздің қазіргі заманғы жағдайын қалай бағалайтынын түсіну, шын мәнінде әлемдік нарықта сұранысқа ие болатынын анықтау болып табылады. Жобаның мақсаты - Қазақстан мәдениетін әлемдік аренада ілгерілету, оның танымалдығын арттыру және одан әрі дамыту үшін жаңа көкжиектер ашу болып табылады.
Бай тарих пен қазіргі мәдени әлеуеттің жоғары деңгейі Қазақстанның оң имиджін қалыптастырудың жетекші факторларының бірі болуға тиіс.