Осыған байланысты ҚР СІМ-де, әкімдіктерде және шет елдердегі мекемелерде инвестициялық жобаларды басқару бойынша фронт-кеңселер құрылатын болады.
Қазіргі уақытта жауапты және мүдделі тараптармен бірлесіп бұл фронт-офистердің қызметін келісу бойынша жұмыс жүргізілуде, ол консультациялық қызметтер көрсету, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша жұмысты көздейді.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы фронт-офистердің ақпараттық платформасы ретінде қолданылатын жобаларды және инвесторларды онлайн режимде сүйемелдеу үшін СRM (Client relationship management) атты жүйесі іске қосылды.
Аталған жүйе бірыңғай электронды мәліметтер базасында онлайн режимде жобалар, инвесторлар және өтініштер туралы өзекті ақпараттың қалыптасуын, сонымен бірге инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы бойынша мониторингін қарастырады.