Қазақстан • 13 Сәуір, 2019

Бүгін еліміздің 3 қаласында ауа райы құбылады

1119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

13 сәуір күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық жағдай қалыптасады деп хабарлайды «Қазгидромет».

Бүгін еліміздің 3 қаласында ауа райы құбылады

Өскемен, Шымкент және Балқаш қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі. 

Еліміздің өзге қалаларында атмосфералық ауаның ластануы күтілмейді.  

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.