Аймақтар • 13 Сәуір, 2019

Павлодар облысында көріктендіру жұмысына бөлінген қаржы көлемі әртүрлі болып шыққан

956 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, ауылдық аумақтардың тазалығын тексерген арнайы мониторинг өткізілген.

Павлодар  облысында көріктендіру жұмысына бөлінген қаржы көлемі әртүрлі болып шыққан

Нәтижесінде, Успен ауданындағы ішкі істер бөлімі, мемлекеттік кірістер бөлімі, аудандық сот, Шарбақты ауданы ішкі істер бөлімі мекемелерінің аумағында, Павлодар ауданы Ефремовка, Розовка ауылдарында тазалық сақталмағаны анықталған.

Сонымен қатар, қоқысты шығару мен көріктендіру жұмыстарына назар аудармаған «Қазақстан Темір Жолы» АҚ облыстық филиалы, «Павлодар нан-тоқаш комбинаты», «Павлодар-Тұз», «Айсу-Мелиорация» ЖШС-ы да бар.

Облыстық әкімдік отырысында  айналасындағы тазалыққа  мән бермейтін мекемелер мен кәсіпорындарға айыппұл салу тапсырылды.

Ал облыс  орталығында өткен жылы жеке және заңды тұлғаларға 8,2 миллион теңге, биыл 1,2 миллион теңге айыппұл салынған.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, биыл әртүрлі деңгейдегі бюджеттен көріктендіру, абаттандыру және санитарлық талапты сақтау үшін 10,3 млрд теңге бөлініпті.

Бұл қаржыға 33 мың көшет сатып алу да жоспарланған.

Бірақ, Екібастұз қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов  «Ертіс орманынан» 30 мың көшетті сатып алғандарын мәлімдеді.

Басқарманың мәліметінше, облыс орталығы 15,7 мың, Ақсу қаласы 10 мың көшет отырғызбақ.

Ал әкімдік отырыстарында құрғақ мәліметтер бере салуға үйреніп қалған басқарма басшылары қаптаған сандардан жаңыла бастады.

Сөйтіп, облыс бойынша 33 мың көшет отырғызылады деген дерек  сәйкес келмей қалды.

ПАВЛОДАР