Аймақтар • 15 Сәуір, 2019

Әулиеатадағы әлеуметтік жобалармен танысты

929 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің орынбасары Г.Әбдіқалықова бастаған құрамында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Жылқыбаев, Денсаулық сақтау вице-министрі Л.Ақтаева, Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы М.Жайымбетов бар үкіметтік делегация Жамбыл облысына жұмыс сапарын жалғастырды. Жұмыс тобына Nur Otan партиясының хатшысы Т.Дүйсенова қосылды.

Әулиеатадағы әлеуметтік жобалармен танысты

Г.Әбдіқалықова Жамбыл облысын­дағы жұмыс сапарының екінші күнін Қазфосфат ЖШС-ның Жаңа Жамбыл фосфор зауытынан бастады. Онда қала және аудан әкімдері, ірі кәсіпорын жетек­шілері, бизнес өкілдері және кәсіп­одақ ұйымдарымен кездесу ұйымдас­тырылды. Г.Әбдіқалықова қазіргі таңда ел көлемінде кәсіпкерлер өздерінің жоғары әлеуметтік жауапкершіліктерін танытып, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға көмек беріп жатқанына тоқталды. Айта кетейік, Жамбыл облысы бойынша қазіргі кезде 14 кәсіпорын­да 272 көп балалы қызметкер еңбек етеді. Оның 217-сінің жеке баспанасы жоқ. Мысалы, «Жамбыл электр желісі жүйелері» ЖШС-да еңбек ететін 60 көп балалы қызметкердің 49-ының жеке бас­панасы жоқ. Вице-премьер кәсіпорын басшыларынан бұл қызметкерлердің әлеуметтік мәселелерін шешіп қана қоймай, олардың жұмыс кестесін де қолайлы жағдайға ыңғайластырып беруін сұрады.

Келесі кезекте Г.Әбдіқалықова бас­таған жұмыс тобы Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде тараздық тұрғындармен кездесті. Басқосуға көп балалы аналар, аз қамтылған отбасы мүшелері, еңбек ардагерлері, мүмкін­дігі шектеулі азаматтар және білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет сала­лары­ның қызметкерлері қатысты.

Басқосуда сөз алған Гүлшара Нау­ша­­қызы Елбасының «Әлеуметтік қам­қор­­лық» жаңа әлеуметтік шаралары­ның негізгі бағыттары қазіргі таңдағы әлеу­­меттік-саясат шеңберінде, әрбір тұр­­ғын­ның тұрмыс сапасын арттыру мақ­сатын­да жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Кездесу соңында тұрғындар үкімет­тік жұ­мыс тобының мүшелеріне көкей­леріндегі сауалдарын жолдап, нақты жауаптар алды.

Бұдан соң Премьер-Министрдің орынбасары Тараз қалалық №5 емханаға ат басын бұрды. Емдеу мекемесінің жұмысымен танысқан Г.Әбдіқалықова Жам­был облысындағы алғашқы меди­ци­налық-санитарлық көмек көрсету мәсе­лелері бойынша жиын өткізді. Бүгін­гі таңда облыс бойынша халыққа ден­сау­лық сақтау жүйесінің 30 аурухана және 148 амбулаторлық-емханалық ұйым­дары медициналық көмек көрсетуде. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін дәрігерлер үлесі бар­лық дәрігерлердің 60,4 пайызын құ­райды. Қазіргі кезде аймақта мем­ле­кеттік-жекеменшік әріптестік шең­берінде 31 жоба іске асуда. Сондай-ақ рес­публикалық бюджет есебінен облыс орталығында 200 орындық онко­ло­гиялық диспансер құрылысы жүргі­зілуде. Вице-премьер алғашқы медици­на­лық-санитарлық көмек көрсету инфрақұрылымының даму деңгейіне көңіл бөлді. Күннің екінші жартысында Гүлшара Наушақызы Жамбыл жоғары политехникалық колледжінің материалды-техникалық базасымен танысып, колледж студенттерімен еркін форматта кездесу өткізді. Кездесу­ге қатысқан жастар мемлекеттің жүргі­зіп отырған жастар саясатын қолдай­тын­дарын жеткізіп, орамды ойларын ортаға салды. Жиында адам капитал­ы­ның дамуы­ның негізі болып саналатын білімнен бастап, әлеуметтік-еңбек сая­саты­ның өзекті қырлары талқыланды. Жамбыл ауданының тұрғыны Маханбет Рахымжанов жастарды жұмыспен қамту мәселесінің өзектілігіне тоқталып, бір­қатар ұсынысын жеткізді.

Жамбыл облысындағы жұмыс сапары­­­ның соңында Премьер-Министр­дің орынбасары облыс басшылығына бірқатар нақты тапсырма жүктеді.


Жамбыл облысы