Аймақтар • 15 Сәуір, 2019

Жыл басынан бері Бәйтерек монументіне 90 мыңнан астам адам келген

1969 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ескерткішке келетіндердің саны мереке және демалыс күндеріне арта түседі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жыл басынан бері Бәйтерек монументіне 90 мыңнан астам адам келген

«Астана-Бәйтерек» монументі Қазақстан астанасының символы және қаланың басты көрікті жерлерінің бірі. 

Мәдениет және спорт басқармасының хабарлауынша, жыл басынан бері 93 334 адам «Бәйтерекке» саяхат жасады. 

Бірінші тоқсанда адамдардың ең көп келген кезі мереке және демалыс күндеріне байланысты болды. Биылғы жылы ескерткішті Ұлы Отан соғысының қатысушылары, балалар үйінің тәрбиеленушілері, мүмкіндігі шектеулі адамдар және халықтың басқа категориясы тегін көре алды. 

Еске салайық, ЕХРО халықаралық мамандандырылған көрмесі елордада өткен кезеңге келушілердің рекордтық саны тіркелді. Содан кейін алты ай ішінде, маусымнан бастап 2017 жылдың желтоқсанына дейін ескерткішке 500 мыңнан астам адам келген. 

«Астана-Бәйтерек» монументі 2002 жылы орнатылды. Құрылымның биіктігі - 100 метр, құрылымы - 105 метр. Шардың диаметрі 22 метр.