Саясат • 15 Сәуір, 2019

Директорлардың бес жылда ауысып тұруына байланысты ұсыныс маған ұнайды - Күләш Шәмшидинова

908 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Үкімет отырысында айтты.

Директорлардың бес жылда ауысып тұруына байланысты ұсыныс маған ұнайды - Күләш Шәмшидинова

Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында журналистер оқырмандардың тарапынан түскен бір ұсынысты оқып берді. «Бүгінде мектеп директорларының бес жылдан артық уақыт отыратын жағдайлары өте көп. Соны бес жылда бір рет оқытушылардың сайлауы арқылы жүргізуге болмай ма?»,  деген сауалға орай Министр өз пікірін білдіріді.

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинованың айтуынша, бүгінде цифрлық теxнологиялардың арқасында біраз процестерді ашық жүргізуге мүмкіндік бар. «Мысалы, Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша мұғалімнің бәрін «блатпен» алады деп айтады. Қазір бәрін электронды түрде жасайды. Сол жерде тесттен өтеді. Содан кейін кім қабылданды, кім қабылданған жоқ. Бәрі тұр. Біз соған бәрібір келеміз. Ал директорлардың бес жылда ауысып тұруына байланысты ұсыныс, шынын айту керек, маған қатты ұнайды. Бірақ қоғамды білесіздер. Біз қоғаммен ақылдасып, бәрін заңдастыруымыз қажет. Қазір мектеп директорларының босаған орындары конкурс арқылы өтеді. Осыны толықтыруымыз керек. Бір ақылдасып алайық. Шын мәнінде, бұл дұрыс болар еді деп есептеймін», - деді К.Шәмшидинова.