Қоғам • 15 Сәуір, 2019

Күләш Шәмшидинова ҰБТ жауаптарын сататын алаяқтардан сақтануға шақырды

975 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова ҰБТ-ның жауаптарын сататын алаяқтарға сенбеуге шақырды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Күләш Шәмшидинова ҰБТ жауаптарын сататын алаяқтардан сақтануға шақырды

«Мен бір нәрсе айтайын, xалық өте сақ болуы керек. Себебі олардың ішінде алаяқтар, неше түрлі адамдар бар. Менің мына Назарбаев зияткерлік мектептерінде істегенімді барлықтарыңыз білесіздер. Сонда жылда айтады. Сосын түспей қалса, қолымнан келмеді деп, ақшасын қайтарып береді екен. Ал түсіп кетсе, мен көмектестім деп айтады. Ал шын мәнінде, ол мүмкін емес. Себебі сұраққа жауап бергеннен кейін оның барлығы кетеді. Сол жерден ашылады, сол жерден тексеріледі. Тексеріліп біткеннен кейін ғана шрифт ашылып, фамилиясы қойылады. Сондықтан ондай дүние жасау мүмкін емес», - деді К.Шәмшидинова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында. 

Министрдің айтуынша, тест кітапшалары шығарылатын жерлерде бейнебақылау жүйесі орнатылған. 

«Олардың барлығы камераның астында отырады. Камера бір секундқа да тоқтамайды. Кім барды? Кім алды? Сондықтан бір жерден бір нәрсе шығатын болса, біз нақты адамның фамилиясын айта аламыз», - деп атап көрсетті К.Шәмшидинова.

Айта кетейік, бүгінгі брифингте білім министрі білім қызметкерлерінің жалақысын көтеру шаралары туралы айтты. Аталған тапсырманы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев берген болатын. Оған сәйкес, жалақысы төмен бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30 көтерілуі керек. Бүгінде арнайы тарифтік коэффицент бекітілді.