Қоғам • 15 Сәуір, 2019

Елордада экологиялық сенбілік өтті

1099 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Нұр-Сұлтан – таза әрі қауіпсіз қала» акциясы аясында елорданың барлық аудандары 13 сәуірде коммуналдық сенбілікке қатысты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Елордада экологиялық сенбілік өтті

Сарыарқа ауданындағы сенбілік барысында Кенесары көшесінде 38 ағаш (алма және шие) «кесек әдісі» бойынша отырғызылды. Шараға «Садақа жария» бастамашыл тобы қатысты. Nur Otan партиясы Жастар қанатының белсенділері Әлия Молдағұлова ескерткіші мен көшесіне тазалық жұмыстарын жүргізді. 

Жалпы, Сарыарқа ауданында сенбілікке 6 676 адам қатысып, 35,2 тонна қоқыс шығарылды. 

Алматы ауданында сенбілікке 13 мыңнан астам адам қатысып, аудан аумағынан 101,36 тонна қоқыс шығарылды. 

Сонымен қатар, Абылайхан даңғылындағы желекжолда Алматы ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері сенбілік өткізді. Сенбілікте 4,5 тоннадан астам қоқыс шығарылды. 

Ал Есіл ауданындағы көше тазалығы шарасына 8 690 адам қатысты. 450 тонна қоқыс шығарылып, көмілді. 

Байқоңыр ауданында 13 сәуірдегі сенбілікке 10 815 адам атсалысып, аудан аумағынан барлығы 57,86 тонна қоқыс шығарылды.