15 Сәуір, 2019

Сайлау комиссияларының мүшелерін оқытуды ұйымдастыру туралы қаулыға қол қойылды

1104 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық кезеңінде сайлау комиссияларының мүшелерін оқытуды ұйымдастыру туралы қаулыға қол қойылды.

Сайлау комиссияларының мүшелерін оқытуды ұйымдастыру туралы қаулыға қол қойылды

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық кезеңінде сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру жоспары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Әдістемелік құралдар мен ақпараттық-түсіндірмелік материалдар осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының электораттық оқытуды ұйымдастыру және сайлау процесін ұйымдастыру бөлімдері облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларымен бірлесіп:

сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру мен өткізуді оқыту кезеңдерінің мерзімдерін сақтап, оқытудың сапасын және сайлауды ұйымдастырушылардың барынша қамтылуын қамтамасыз ете отырып жалғастырсын;

сайлауды ұйымдастырушыларды оқытуды ұйымдастыру үшін аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын оқу-әдістемелік базамен қамтамасыз етсін.

4. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдеріне қажет кезде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу шеңберінде оқытылатындардың санына сай барлық деңгейлердегі сайлау комиссияларының мүшелерін оқытуды ұйымдастыруға қосымша қаражат бөлу мәселесін қарастыру ұсынылсын.

5. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы С.С. Мұстафинаға жүктелсін.




Төраға          Б. Имашев