Спорт • 15 Сәуір, 2019

Нұр-Сұлтанда тұңғыш рет хоккейден әлем чемпионатының бірінші дивизион ойындары өтеді

870 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан құрамасы әлемдік біріншілікте бақ таластыру үшін бәсекеге түседі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда тұңғыш рет хоккейден әлем чемпионатының бірінші дивизион ойындары өтеді

29 сәуір мен 5 мамыр аралығында Қазақстан өз тарихында тұңғыш рет «А» тобында хоккейден Әлем чемпионатының бірінші дивизион ойынын өткізеді. 

«Қазақстан астанасында жоғарғы дивизияға берілетін екі жолдама үшін Қазақстан, Беларусь, Венгрия, Литва, Словения және Оңтүстік Корея жарысады», – деп мәлімдеді ұйымдастыру комитетінде. 

Матчтарға билеттер қазірдің өзінде сатылуда.