– Гаухар Ғалымқызы, сіз жетекшілік ететін оқу орнына болашаққа жаңаша көзқарас қалыптастыратын халықаралық бағдарламалар қандай серпін беруде?
– Бүгінде білім беру үрдісінің трендтері таңғаларлық. Бірінші кезекте бұл жоғары білім берудің бірыңғай бәсекеге қабілетті кеңістігін құруға бағытталған. Яғни, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы қажет. Жоғары білім беру мен ғылыми тәжірибенің өзара ықпалдасуы аса маңызды. Біздің оқу орнында 2017-2019 оқу жылында сыртқы академиялық ұтқырлық аясында университеттің 74 студенті Германия, Польша, Чехия, Латвия және Ресейдің шетелдік жоғары оқу орындарында білім алды. Ішкі академиялық ұтқырлық бойынша 53 студент білім алса, 24 оқытушы еуропалық университеттерде дәріс оқыды. Бұл үрдіске Эразмус+, МАШАВ, Global UGRAD, Deula Nienburg, IASTEA және т.б. халықаралық бағдарламалар қосымша серпін береді.
– Әлемдік білім кеңістігіне қосылу арқылы оқу орны қос дипломды білім беру бағдарламаларын жүзеге асыра ала ма?
– Біз студенттердің қос диплом алуы үшін Швеция, Үндістан, Ұлыбритания, АҚШ, Түркия, Болгария, Хорватиядан үздік шетелдік ғалымдарды іздейміз. Әлемдік білім кеңістігіне кіру жолындағы біздің ЖОО-ның үлкен жетістігі – қос дипломды білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру болмақ.
– Облыстың 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы шеңберінде үш жыл бұрын Халықаралық стартап академиясы ашылды. Стартап академиясы бизнес орта қалыптастыра отырып, резиденттерге кәсіпкерлікті жүргізу мен тәжірибелік дағдыларын молайтуға мүмкіндік береді.
– Университет өзінің ғылыми-техникалық салалық бағытына сай қандай стартап жобаларды ашуға мүмкіндік берді?
– Мысалы, «Кең тараған бензиндік мотоцикл негізінде жасалған электробайк» қозғалыс барысында бензин бағасын 10 есеге арзандатуға мүмкіндік береді. Ал «Atmos Water» жобасы – суды механикалық, ерімейтін бөлшектерден, хлор қоспалары, ауыр металдардан тазарту құралы. Екіншісі, университет ғалымдары болашақта сумен жұмыс істейтін двигатель жасауға көмектесетін «Сутегі генераторын» құрастырды. Үшіншісі, жаяу жүргіншілер плиталарын пайдалану жүйесі, бұл жаяу жүргіншілердің кинетикалық энергиясын жинақтап, пайдалану үшін электр энергиясын түрлендіруге мүмкіндік береді. Төртінші, пластикалық тұрмыстық қалдықтар және техногендік қалдықтар негізінде құрылыс материалдарын күл түрінде (кеспе тастар, бордюрлер, черепицалар және т.б.) өндіру. Бесінші, SOLAR LIGHT жобасының мақсаты – күн батареялары негізіндегі автономды жарықшамдарды коммерцияландыру және жоба құру.
– Университет аумағында орнатылған автономды жарықшамдар осы жобалардың нәтижесі ме?
– Айтпақшы, ART-GARAGE-коворкинг орталығы қашан ашылады?
– Жақын арада ашуды жоспарлап отырмыз. Негізі ART-GARAGE форматы Калифорниядағы классикалық гараждарға жатады. Бұл жерде кезінде «Apple», «Google» сияқты ірі компаниялар пайда болды. Сол іспетті бізде де IT-технологиялар саласындағы «TKR-Toraighyrov University» фирмасы, сонымен қатар art-галерея орналасады. Онда студенттермен қатар, жасөспірімдерге, қала тұрғындарына шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік бар. Оқу орнының Назарбаев зияткерлік мектебі мен облыстық «Дарынды балаларға арналған лицей-интернаттың 10-сынып оқушыларымен бірлескен жобалары да бар. Бұл ретте «Flappy Brow» мимикамен басқарылатын ойыны және «Sau-sulu» бие сүті негізіндегі күтім косметикасы деп аталатын жобаларды айтуға болады.
Жалпы, барлық студент жастарды нақты мақсаттарға қол жеткізу үшін ұтымды, табысты өмір сүре білуге шақырамыз. Жоғары білім берудің бірыңғай бәсекеге қабілетті кеңістігін құрудың мәні де осында.
– Әңгімеңізге рахмет.