Аймақтар • 16 Сәуір, 2019

Красноармейка кетті, Кемеңгер келді!..

1438 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді Луганск, Александровка, Алек­сеевка, Галкино, Красиловка, Ор­ловка, Пятирыжск, Сосновка, Хмель­ницкий, Чигиринов, Железинка, Ус­пенка, Павлодар, Григорьевка, Ефре­мовка, Чернорецк, Черноярка, Рож­дественка, Ольгинка, Сычевка, Ро­зовка, Новочерноярка, Набережное, Богдановка, Березовка, Заозерное деген өңірдегі ауыл атаулары Крас­ноармейканың соңынан бірге кетсе тіпті жөн болар еді.

Красноармейка кетті, Кемеңгер келді!..
Ал Красноармейка – өңірдегі Павлодар ауда­нынына қарасты ауыл. Тіпті аудан орта­лы­ғының атауы да облыс орталы­ғының атын қайталап тұр. 

Ауданға қарасты қырық шақты ауылда 30 мыңдай халық болса, Красноармейкада 7 мыңдай халық тұрады. Ауылда «ҚазАгроИнновация» АҚ құрамындағы ауыл ша­руа­шы­лығы инс­титуты жұмыс істейді. Осы күнге дейін Красноармейка агро колледжі, Красноармейка орта мектебі деп аталып келді. Мектепте 400-дей оқушы, ал колледжде 540 студент оқиды. «Серпін» бағдарламасымен оқып, білім алып жатқан оңтүстіктен келген 100-дей жас бар. 

Біз бұған дейін газетімізде балаларымызға елдік мақсат-мүдде, патриоттық тәрбие беру үшін мектептің, колледждің аты-жөндерінің мән-мағынасын дұрыстап берейік, «Ауылдан да, мектептен де Красноармейка атауы алынса» деген бірнеше ой салар мақалалар жаздық та. 

Жуырда 1954 жылы Красноармейка атауын алған, сол атаумен 65 жыл өмір сүрген ауыл Кемеңгер атауына өзгерді. 

Кемеңгер ауылы атануына Алпысбай Шалабаев, Жоламан ата, Жарылғасын Қо­жеке, Қожина Қапиза, Сейсембай Қалиев, Хамиден Сәрінжіп, Оразбай Әбілқасым сияқты үлкендер бастама көтеріп, оны ауыл тұрғындары жаппай қолдады. 


Павлодар облысы, Павлодар ауданы