Саясат • 16 Сәуір, 2019

Құрылыс жұмыстарының көлемі 8,9%-ға артты - Руслан Дәленов

1100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 2019 жылғы қаңтар-наурыздағы ӘЭД қорытындылары туралы Үкімет отырысында жасаған баяндамасында айтты.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 8,9%-ға артты - Руслан Дәленов

«Құрылыс жұмыстарының көлемі 8,9% артты. Бұл көп жағдайда өнеркәсіп объектілерінің, автомобиль жолдары, газ құбырлары, тұрғын үйлер, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы бойынша жұмыс көлемінің ұлғаюына байланысты», деді Министр.

Сонымен қатар Министрдің айтуынша, ауыл шаруашылығы тұрақты өсу қарқынын сақтап тұр.

«Өндіріс көлемі 3,6% ұлғайды. Өсім мал шаруашылығының 3,8% өсуі есебінен қамтамасыз етілді. Бұл ретте, өсімдік шаруашылығы өткен жылдың деңгейінде сақталды», деді ол.

Сондай-ақ «көрсетілетін қызметтер саласында өсудің орнықтылығы сақталуда. Есепті кезеңде ол 3,7% өсті. Осы сектордың барлық салаларында дерлік жақсы қарқын байқалды. Сауданың  өсімі 7,2% деңгейінде тіркелді. Бұл автокөлік құралдарын, автобөлшектерді, мұнай өнімдері мен жанар-жағар май сатудың ұлғаюына байланысты. Көлік саласында өсу 4,4% құрады. Бұл салада әуе көлігінің жүк айналымы 2 есеге жуық өсті», деді Министр баяндамасында.