«Сауданың өсімі 7,2% деңгейінде тіркелді. Бұл автокөлік құралдарын, автобөлшектерді, мұнай өнімдері мен жанар-жағар май сатудың ұлғаюына байланысты», дейді министр.
Ведомство басшысының айтуынша, көлік саласында өсу 4,4% құрады. Бұл салада әуе көлігінің жүк айналымы 2 есеге жуық өсті.
Сондай ақ, қаңтар-ақпан айларында сыртқы сауда айналымы 7,5% ұлғайды. Бұл негізінен экспорттың 11,1% ұлғаюының есебінен болды. Импорт 0,3% өсті.