Экономика • 16 Сәуір, 2019

Р.Дәленов: Өнеркәсіп бойынша бірқатар өңірлерде өсу байқалады

840 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Р.Дәленов өңірлердегі өнеркәсіптің даму қарқыны туралы баяндады.

Р.Дәленов: Өнеркәсіп бойынша бірқатар өңірлерде өсу байқалады

«Өнеркәсіп бойынша жоғары өсу Шығыс Қазақстан облысында, Нұр-Сұлтан қаласында, Атырау және Қостанай облыстарында байқалады. Ал Қызылорда, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында өсу қарқыны баяу», деді ол.

Бұдан соң, министр өңірлердегі құрылыс саласының өзгерістерін баяндады.

«Құрылыс бойынша артта қалған өңірлер саны 8-ден 4 -ке дейін қысқарды. Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола облысы, Шымкент қаласы және Маңғыстау облысы артта қалып отыр. Өткен жылғы құрылыс жұмыстары мен ірі объектілерді реконструкциялау көлемін есептемегенде, Нұр-Сұлтан қаласындағы құрылыс ағымдағы жылғы қаңтар-наурызда 1,9%-ға өсті», деді Р.Дәленов.

Оның айтуынша, негізгі капиталға инвестициялар бойынша серпіннің едәуір бәсеңдеуі Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында, сондай-ақ Ақмола облысында байқалады.

«Шымкент қаласындағы инвестициялардың елеулі қысқаруы негізінен мұнай өндеу зауытын жаңартудың аяқталуына байланысты. Инвестицияларды тарту бойынша озық серпінді Қызылорда облысы 2,3 есеге өсумен көрсетуде», деді министр.

Бұдан соң, ол Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында азық-түлік тауарларына бағаның жоғары өсуі байқалатынын айтты.

«5 өңір бірден бірнеше көрсеткіш бойынша жақсы серпін көрсетті. Бұл Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда және Павлодар облыстары. Мысалы, Атырау облысында өнеркәсіп бойынша оның ішінде өңдеу және кен өндіру, тұрғын үйлерді пайдалануға беру, инвестициялар және құрылыс  бойынша елеулі өсу байқалады», деді Ұлттық экономика министрі.

Оның айтуынша, биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындылары бойынша бірқатар көрсеткіштерде жақсару байқалады.

«Біріншіден, нақтыланған бюджетті қаржыландыру ашылуда. Бұл тұтынушылық және инвестициялық сұранысты күшейтеді. Екіншіден, құрылыс, инвестициялық жұмыстар, сондай-ақ Агро өнеркәсіп кешені саласындағы жұмыстар кезеңі ашылуда. Үшіншіден, екінші тоқсанда дәстүрлі түрде шағын және орта бизнес жанданады. Сондықтан осы кезеңде экономикаға жаңа ақшаны жылдам беруді ұйымдастыру, мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыруды жеделдету маңызды», деді Р.Дәленов.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50