Мұның алдында «Петропавл–Шарм-эль-Шейх–Петропавл» бағыты бойынша рейс ашылған болатын. Енді Ресейдің астанасына тікелей жете алады
Петропавл халықаралық әуежайының директоры Марат Қасеновтың айтуынша, Қазақстанның азаматтық авиация комитеті көрші елдің «ИрАэро» әуе компаниясымен уағдаластыққа келіп, солтүстікқазақстандықтардың халықаралық бағыттарға ұшуына жағдай тудырып отыр.
Маусым айынан бастап аптасына бір рет - әр сәрсенбі күні «Sukhoi SuperJet-100» ұшақтарымен жолаушылар қатынай бастайды. Екі аралықты үш сағатта ұшып өтеді. Билет бағасы - 47 мың теңге.
«Осыдан екі жыл бұрын Үкімет резервінен бөлінген 7 миллиард теңгеге әуежайда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, заманға сай әуе кемелерінің барлық түрін қабылдауға жабдықталған болаты. Алдағы уақытта өзге де елдермен транзит әуелеті мен туристік саланы дамытуға басымдық беретін боламыз», дейді М. Қасенов.
Солтүстік Қазақстан облысы