Руханият • 16 Сәуір, 2019

Павлодарда журналистика мамандығы бойынша олимпиада өтуде

1593 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінде журналистика мамандығы бойынша XI Республикалық пән олимпиадасы қыза түсті.

Павлодарда журналистика мамандығы бойынша олимпиада өтуде
    Екі күндік шеберлік сайысында журналист мамандарын дайындайтын 17 жоғары оқу орындарынан 51 студент тіркеліп, бақтарын сынауда. 

    Алғашқы күні «Ұлы даланың ұлағаты» тақырыбында журналистік қырларын танытатын команданың бейнеролик ретіндегі таныстырылымы көрерменге жол тартса, екінші кезеңінде тарихи тұлғалар мен ұлы даланың шежіресі, тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның қол жеткізген жетістіктері мен жастар жылындағы өзгерістер жайлы ойтолғау жазылды. Осылайша қатысушылардың жұмысын Павлодар өлкесінің білікті журналистерінен құралған топ қазылық жасап, бағалады. 

    Екінші күні теориялық білімдерін тексеру мақсатында екі сағаттық тестілеу жүргізілді. Қонақжай павлодарлықтар алғашқы күннен-ақ келген қонақтарға арнап экскурсия жүргізді. Қатысушылар қала тарихымен тереңірек танысуға мүмкіндік алды. Осылайша сайыскерлер Бұхар жырау мен Әлкей Марғұлан сынды қазақтың мақтаныштары туған өлке Ертіс-Баян өңірінің тарихы мен келбетіне деген таңданысын бейнесюжет арқылы жеткізеді. 

    Дәстүрлі шараға айналған пән олимпиадасы еліміздің түкпір-түркірінен жиналған жастардың достық мекеніне айналды.

    А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың журналистика мамандығы студенттерінің құрамасы