Аталған жол бөлігімен жүретін қоғамдық көліктің қозғалысына 16 сәуірден 1 шілдеге дейін шектеу қойылады.
№ 2 бағдар «Бал бала» балабақшасы бастапқы аялдамасынан Күмісбеков және Сейфуллин көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз қозғалады. Бұдан кейін қоғамдық көлік солға бұрылып, Жеңіс даңғылына, Жеңіс даңғылынан оңға бұрылып, Тілендиев даңғылына өтеді. Одан әрі автобус әдеттегі қозғалыс сызбасына сәйкес жүреді. Автобус кері бағытта да жоғарыда аталған сызбаға сәйкес қатынайды.
№ 32 бағдар «Бал бала» балабақшасы бастапқы аялдамасынан Күмісбеков және Сейфуллин көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз қозғалады. Бұдан кейін қоғамдық көлік оңға бұрылып, Сарыарқа даңғылына, солға бұрылып, Кенесары көшесіне өтеді. Одан әрі автобус әдеттегі қозғалыс сызбасына сәйкес қатынайды. Автобус кері бағытта да жоғарыда аталған сызбаға сәйкес қатынайды.
№ 73 бағдар «Бал-бала» бастапқы аялдамасынан Күмісбеков және Сейфуллин көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз жүреді. Бұдан кейін Сейфуллин көшесімен тура жүріп, әдеттегі қозғалыс сызбасына сәйкес қатынайды. Автобус кері бағытта да жоғарыда аталған сызбаға сәйкес жүретін болады.