Аймақтар • 16 Сәуір, 2019

Бүгіннен бастап елордадағы № 2, 32 және 73 бағдарлардың қозғалыс бағыты өзгереді

854 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күмісбеков көшесінің Сейфуллин және Абай көшелерінің аралығында жатқан бөлігінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты автобус қозғалысына уақытша шектеу қойылатын болады деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгіннен бастап елордадағы № 2, 32 және 73 бағдарлардың қозғалыс бағыты өзгереді

Аталған жол бөлігімен жүретін қоғамдық көліктің қозғалысына 16 сәуірден 1 шілдеге дейін шектеу қойылады. 

№ 2 бағдар «Бал бала» балабақшасы бастапқы аялдамасынан Күмісбеков және Сейфуллин көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз қозғалады. Бұдан кейін қоғамдық көлік солға бұрылып, Жеңіс даңғылына, Жеңіс даңғылынан оңға бұрылып, Тілендиев даңғылына өтеді. Одан әрі автобус әдеттегі қозғалыс сызбасына сәйкес жүреді. Автобус кері бағытта да жоғарыда аталған сызбаға сәйкес қатынайды. 

№ 32 бағдар «Бал бала» балабақшасы бастапқы аялдамасынан Күмісбеков және Сейфуллин көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз қозғалады.  Бұдан кейін қоғамдық көлік оңға бұрылып, Сарыарқа даңғылына, солға бұрылып, Кенесары көшесіне өтеді. Одан әрі автобус әдеттегі қозғалыс сызбасына сәйкес қатынайды. Автобус кері бағытта да жоғарыда аталған сызбаға сәйкес қатынайды. 

№ 73 бағдар «Бал-бала» бастапқы аялдамасынан Күмісбеков және Сейфуллин көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз жүреді. Бұдан кейін Сейфуллин көшесімен тура жүріп, әдеттегі қозғалыс сызбасына сәйкес қатынайды. Автобус кері бағытта да жоғарыда аталған сызбаға сәйкес жүретін болады. 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50