Президент • Бүгін, 20:04

Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі арасындағы стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Бұл құжат елдер арасындағы саяси, экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған. 

Сондай-ақ Президент «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының әуе кеңістігі арқылы әскери мүлік пен персоналды транзиттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бекітті.

Құжат қорғаныс саласындағы серіктестікті кеңейтіп, әскери жүктер мен мамандардың транзиттік қозғалысын реттеуге арналған.

Соңғы жаңалықтар