Аймақтар • 16 Сәуір, 2019

Солтүстік Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

1095 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Есіл өзені- Петропавл қаласы гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда. 17 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде көктайғақ, түман болады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

Солтүстік Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

Бүгін судың қауіпті деңгейінің  көтерілуі күтілуде:

12:00 сағаттағы нақты деңгей – 929 см;

Қауіпті деңгей  -  940 см (өзен алқаптарына шығу).

Қауіпті деңгей  -  960 см (судың халықаралық маңызы бар 528 км Челябинск – Новосибирск автожолы асфальтына шығуы).

Ертең  Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде көктайғақ, түман болады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Петропавл қ: күндіз 17 сәуірде көктайғақ болады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

   Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95 %