Аймақтар • 16 Сәуір, 2019

Семейде «Рухты Шығыс» Аrt-фестивалі аяқталды

842 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жастарға арналған фестиваль «Рухани жаңғыру» бағдарламасының екі жылдығына арналды. Фестиваль «Бейбітшілік» аралындағы жастардың экологиялық сенбілігінен басталды.

Семейде «Рухты Шығыс»  Аrt-фестивалі аяқталды

Оған жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, ауыл және қала жастары және тағы басқа жастар ұйымдары, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері белсене қатысты. Аралда тазалық жұмыстарын жүргізіп, көшеттер екті.

Келесі күнінде жастар «Ұлы дала келбеті» тақырыбында граффити бағытындағы суреттер салды. Бұдан арығарай фестиваль Ұлы Абайдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етуге жалғасты. Ал Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде    «Zhas project» жобасының жеңімпазы, суретші Ольга Чавкинамен қызықты кездесу өтті. Ольга «Perfomance» арт-студиясының жетекшісі ретінде шеберлік сағаттар өткізді. Қатысушы жастар көп тәлім алды, дейді қаладағы Жастар ресурстық Орталығының директоры Олжас Соғымбай.

Фестиваль шеңберінде өткізілген шеберлік сағаттармен, диалог алаңдарына 1500 адам қатысты. Өз салаларының үздіктері саналатын «Әлем барысы» Айбек Нұғымаров сынды спортшы, яки жас ақын, суретші, спортшы және әртістер құрдастарына жетістіктері туралы айтып, тәжірибелерімен бөлісті. Art-фестиваль көркін ұлттық ойындар мен билер қыздырды. Бірнеше тақырыптық алаңға бөлінген қалалық мәдениет сарайының аумағында жиналған жастар қазақтың ұлттық ойындарына қатысып, караокеде сүйікті әндерін шырқауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар «Домбыра party» аясында белгілі қазақ күйлері орындалды.

Art-фестивальдің қорытынды Гала-концертіне «Пражские шедевры» халықаралық фестиваль-конкурсының жеңімпазы Татьяна Куропаткина, «Х-фактор» жобасының жеңімпазы Евгений Выблов және «Жас қанат» байқауының бас жүлдегері Парасат Отандар қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова барлық жастарға «Белсенді қатысқаны үшін!» мақтау қағазы  мен алғыс хаттарды табыстады.



Раушан НҰҒМАНБЕКОВА