«Сынақты дайындау және өткізу кезінде құбыржолдардың тығыздығы мен беріктігін, орнатылған бекіту және реттеу арматурасын тексеру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының жекелеген аудандарында ыстық су беру тоқтатылады», – делінген хабарламада.
Берілген ұйғарымға сәйкес кәсіпорын мен ұйым басшылары, ПИК және ТК төрағалары осы кезеңде балансында жылу трассалары бар тұтынушылардың ыстық сумен жабдықтау жүйесін ажыратып, персоналдың кезекшілігін аталған мерзімде ұйымдастыруы қажет. Жылу желісіндегі барлық жұмыстар тоқтатылуы тиіс.
Анықтама телефондары: 771200, 771211, 792160 (ішкі 101), 771292, 396908.
Сынау кезеңінде нысанда ыстық судың ажыратылатын күні және нысандар тізімін мына сілтеме арқылы өтіп, көруге болады: http://a-tranzit.kz/kz/t%D2%B1tynushylardy%D2%A3-nazaryna/ Жоспарланған сынау мерзімдері мен шегі бойынша өзгерістер болуы мүмкін. Бұл туралы қосымша хабарланады.