Экономика • 16 Сәуір, 2019

Қазақстан арқылы өткен контейнерлік тасымалдың жалпы көлемі 54%-ке өсті

856 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан арқылы өткен контейнерлік тасымалдың жалпы көлемі 54%-ке өсті

2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстан арқылы өткен контейнерлік тасымалдың жалпы көлемі 114,2 мың ЖФЭ-ті құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54%-ке өсті (2018 жылдың қаңтар-наурызында 74,2 мың ЖФЭ).

ҚХР-ЕО-ҚХР бағыты бойынша бұл көрсеткіш 62,7 мың ЖФЭ-ті құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  54%-ке өсті (2018 жылдың қаңтар-наурызында 43,3 мың ЖФЭ).

Автомобиль көлігімен тасымалданған транзитті тасымал көлемі 392 мың тоннаны құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18%-ке өсті (2018 жылдың қаңтар-наурызында 332 мың тонна).

Қазақстан аумағы арқылы өткен транзитті тасымалдың жалпы көлемі 4,16 млн. тоннаны құрады.

Темір жол көлігімен тасымалданған транзитті тасымал көлемі 3,77 млн. тоннаны құрады.