Облыс әкімі Болат Бақауов кәсіпкерлерді ауыл шаруашылығында қайта өңдеу, өнім шығару, өңдеуші өнеркәсіп пен қызмет көрсету бағытында белсенділікке шақырды. Кәсіпкерлер де өз тараптарынан ұсыныс-тілектерін жеткізді.
Мысалы, «Сaғaн COLOUR» лак-бояу шығаратын шағын кәсіпорын өкілдері мемлекеттік сатып алуларға қатысып, қала жолдарының ортасына сызық түсіруге, жаяу жүргіншілер жолақтарын жасағылары келеді. Ал, «Стирол» ЖШС-нің директоры Валерий Симаков тұрғын үйлер құрылысын жобалауда жылу сақтайтын пенополистиролды пайдалануды ұсынды.
Құрылыс компаниялары да кәсіпкердің тауары тиімді деп отыр. Сонымен бірге, «ГБО-Сервис» ЖШС бейнебақылау камералар орнатуда мемлекеттік конкурс талаптарын қайта қарауды сұрайды. Ал, енді бірі жағажайда ретро стиліндегі дәмхана ашуға жер телімін сұрады.
Ерекше дәмханға келушілер ашық аспан аясында тамақтанып, 50 еселік үлкейтіп көрсететін дүрбімен алысқа көз тігеді. Облыс орталығындағы политехникалық колледж директоры Валерий Якутов стадион салмақшы. Ол үшін жер телімі қажет. Облыс әкімі Болат Бақауов жаңашыл кәсіпкерлерді тыңдап алып,бұл жобалар қала үшін маңызды, қолдаймыз,- деп атап өтті.
Павлодар облысы