«Егер сіздер Қазақстан чемпионатын ешқашан көрмеген болсаңыздар және оны адамның ішін пыстыратын турнир деп есептейтін болсаңыздар, дайындалыңыздар – қазір сіздердің пікірлеріңіз түбірімен өзгереді.
«Ордабасының» шабуылшысы Тоқтар Жанғылышбай «Астанамен» болған матчта таңғажайып гол соқты: қапталдан әуелете берілген пасты өкшемен икемдеп алды да, айнала беріп сол аяғымен қақпаға дәл соқты.
Ғажап.
Дәл осындай мәнерде Денис Бергкамп «Ньюкаслдың» қақпасына ұлы гол соққан (иә, біз шынымен де Жанғылышбай мен Бергкамптың голдарын салыстырып отырмыз).
Бұл ойында «Ордабасы» турнир кестесінде көш бастаушы «Астанадан» 1:2 болып жеңілді, қазір клуб төртінші орында келеді.
25 жасар Жанғылышбай маусымдағы алғашқы голын соқты, оның мансабындағы статистика көңіл көншіте қоймайды – чемпионаттың 107 кездесуінде бар болғаны 14 гол соққан. «Ордабасы» – форвардтың осымен сегізінші клубы (Қазақстанда ғана ойнаған, оның ішінде «Астананың» да намысын қорғаған)», деп жазады басылым.
Еске салсақ, Тоқтар Жанғылышбай Қарағанды футбол мектебінің түлегі. Спорттық мансабын жергілікті «Шахтер» командасында бастаған.
Қарағанды облысы